Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ұшақта электронды темекі шеккен 26 жастағы әйел рейстен түсірілді

2019 жылдың 11 қазан 2019 16:35

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шеккен әйелді әуе рейсінен түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 43 277 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қоғамдық орында темекі тартқаны үшін – 2 981 адам жазаланды.

«Мәселен, 11 қазан күні Қарағанды қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне «FlyArystan» АҚ әуе компаниясының өкілінен «Алматы - Қарағанды» бағытындағы әуе кемесінің бортында құқық бұзушылық болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесі бортында электронды темекі шеккен 26 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Азаматша әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсірілді» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай