Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Валерий Меладзе Ержан Максимнің елордадағы кешіне келуге уəде берді

2019 жылдың 18 мамыр 2019 20:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік əнші əрі продюсер Валерий Меладзе жас əнші Ержан Максиммен кездесіп, елордада өтетін жеке концертіне келуге уəде берді, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» концерт залында Валерий Меладзенің жеке концерті өтіп жатыр. Концерт алдында əнші Ержан Максимнің өнеріне қатысты пікір білдірді.

Ресейлік əнші, продюсер Валерий Меладзенің бүгін Ержан Максиммен кездескенін ҚазАқпарат тілшісіне Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай айтып берді.

«Валерий Меладзе біздің Ержанға ырза болып, өмірде əділдіктің бар екенін айтты. Оның айтуынша, Ержанның байқауда бас жүлдені алмағаны да əншіміздің оң жамбасына келіп, атағы аспандай түскен. Ержан елге таныла бастады. Симфониялық оркестрмен концерт беру оңай емес. Сондықтан Ержанға табыс тілеймін деп оны қолдады. Талантты жастарды қолдап жаткан министрге рахмет айтты», - дейді Айдар Қырықбай.

Еске сала кетсек, Ресейдің Бірінші арнасы «Голос. Дети» байқауының алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған болатын. Ал Валерий Меладзе «Голос. Дети» байқауында Ержан Максимнің жетекшісі болған еді.




null

Жоғары қарай