Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Велоспорттан үш дүркін әлем чемпионы өз-өзіне қол жұмсады

2019 жылдың 11 наурыз 2019 19:02

АСТАНА. ҚазАқпарат - Велоспорттан үш дүркін әлем чемпионы америкалық Келли Кэтлин 23 жасында өзіне-өзі қол жұмсады. Бұл жайлы спортшының әкесі Марк Кэтлин жексенбі күні VeloNews басылымына хабарлады.

Велошабандоздың денесі жұма күні кешкісін оның Калифорниядағы үйінен табылған. «Біздің ол және оның жарқын болашағы жайлы ойламаған сәтіміз болған емес. Орны толмас қайғыға ұшырадық», - деді Марк Кэтлин. Ол қызының өз-өзіне қол жұмсау себебін айтудан бас тартты.

АҚШ велоспорты федерациясының (USA Cycling) төрағасы Боб Демартини жексенбіде жарияланған мәлімдемесінде велосипедшінің көз жұмғанын растады.

Келли Кэтлин 2016, 2017 және 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарында әйелдер командалары арасында алтын медаль жеңіп алды.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада ол америкалық құраманың мүшесі болып күміс жүлде иеленген.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай