Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Вице-министр Шымкентте бас дәрігердің ұсталуына пікір білдірді

2019 жылдың 20 қараша 2019 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы бас дәрігері Абылай Донбайдың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Аталған оқиғаның себебін өздеріңіз білесіздер. Дегенмен түсінік бере алмаймын, заңнама қылмыстық істің мән-жайын ашуға тыйым салады. Бұлтартпау шарасы адам ағзасын заңсыз трансплантациялау фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іске сәйкес іске асырылуда», - деді Р. Жақыпов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол бас дәрігерге қатысты қамауға алу шешімі қабылданғанын еске салды.

Сонымен қатар, министрдің орынбасарынан тілшілер операция жасау үшін А. Донбайды босату мүмкіндігі туралы сұрады.

Р. Жақыповтың сөзіне қарағанда, егер де қылмыстық істі жүргізу процесінде осындай өтінішхат болса, онда бұл өтініш қарастырылуы мүмкін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 қарашада ҚР ІІМ Тергеу департаменті Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Донбай Абылай Әбдіжаппарұлын ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Оған ҚР ҚК 264-бабы 2-тармағында (трансұлттық қылмыстық топқа қатысу) және 116-бабы 3-тармағында (адам ағзасын заңсыз алу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берді деген айып тағылуда.

Жоғары қарай