Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Вице-министр: Жылу беру кезеңіне дайындық кестеге сай жүргізілуде

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күзгі-қысқы жылыу беру кезеңіне кәсіпорындардың дайындығы бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің дерегінше, күзгі-қысқы кезеңде ел тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үшін Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеуді 2019 жылға арналып бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта 11 энергоблоктың 5-еуі, 63 қазандықтың 40-ы жөнделген. Әр түрлі кезеңде 4 энергоблокта, 28 қазандықта, 18 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Электр желілері бойынша тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Бүгінгі күні 84 пайызы аяқталды. Қалғаны кесте бойынша жалғасып жатыр. Қосалқы стансаларының саны 1 мыңнан асады. Оның 1152-сінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл 94 пайызды құрайды. Жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталатындығына күмәніміз жоқ, бақылап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағындағы 459 қазандықтың 428-і жөнделді. Жөндеу жұмыстарын орындау кесте бойынша жүзеге асырылып жатыр. Электр стансаларының отын қоймаларында жалпы 4 млн тонна көмір және 101,9 мың тонна мазут бар. Бұл нормативтік қорға сай келеді. Энергия өндіретін кәсіпорындардың отынды сатып алуы жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі. Отынды жеткізу кесте бойынша жүзеге асырып жатыр.


Жоғары қарай