Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

ВВС: Әлемде жылына 400 миллион тонна қағаз қолданылады

2019 жылдың 9 қазан 2019 11:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Компьютерлер, смартфондар мен электронды кітап дәуірінде газеттер мен кітаптардың дәурені өтті деп ойласаңыз –қателесесіз. Себебі, қағаз өндірісі гүлденіп жатыр», деп жазады ВВС.

Мақала авторының айтуынша, бүгінде әлемде жылына 400 миллион тонна қағаз қолданылады.

«Ақша, картон қорапшалар, түбіртек, тамақ пісіруге арналған қағаз, жұмыртқа қағазы, құттықтау ашықхаттары және тағы да басқа ұсақ-түйексіз өмірді елестету мүмкін болмай кетті. Біз қолма-қол ақшасыз қоғамға қарай аяқ басқанымызбен, қағазсыз қоғамды елестету мүмкін емес», - деп жазады ол.

Айтылып өткендей, бүкіл әлем бойынша қағазға деген сұраныс артқан.

«Бүгінгі күні біз бірреттік пластмассадан бас тартып жатқандықтан, оның орнын алмастыруға негізгі үміткер қағаз болып отыр. Соңғы жылдары көп сала өкілдері қағаз пакеттерге көшті. Дегенмен, шын мәнінде қағаз қаншалықты тұрақты? Оның қоршаған ортаға қандай әсері бар?», - дейді автор.

Оның сөзінше, қағаз өндірудің әр сатысы суды қажет етеді.

«Өндіріс саласы суды өте көп мөлшерде қажет етеді. Бір ғана А4 қағазын дайындау үшін 2-13 литр су қажет. Қағаз өндірісі бойынша бірінші орында тұрған Қытайда бір жылда қағаз өндіруге үш триллион литр су кеткен», делінген мақалада.

Қағаз өндірісі көп энергияны да қажет ететін болып шықты.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әлемдік қағаз өндірісі жылына 6,4 экзаджоуль (ЭДж) энергияны тұтынады. Бұл, 87 триллион кесе шай қайнатуға жететін энергия. Сонымен қатар әлемдік қағаз өндірісі үшін жылына 100 миллион гектар орман кесіледі», деп жазады ВВС.

Бүгінде қағаз қалдық ретінде емес, тек тауар ретінде қарастырылады. Дегенмен, оның экологияға әсерін де ескеру керек.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай