Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

ВВС радиосында қазақ музыкасы шырқалды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – BBC Radio 3 британ радиостанциясында қазақ музыкасы шырқалды. Мұндай қуанышты хабармен Facebook-те белгілі радиожүргізуші Жадыра Жұмакүлбай бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тура Ата заңның төл мерекесі күні BBC radio 3-ке арнап жасаған қазақ музыкасы туралы «Music Planet: Road Trip» хабарым әуе толқынына шықты. Осындай мүмкіндікті берген, біріншіден, Аллаға мың да бір шүкір. Екіншіден, сеніп тапсырған BBC-лік әріптестеріме, дәнекер болған Қазақстанның Ұлыбритания корольдігі/Лондондағы елшілігіне, арнайы Әйгерімге, ағылшынша үйреніп, хабар жасай алатын деңгейге жетуіме мүмкіндік берген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасына мың алғыс», - деп жазды ол өз парақшасында.

«Music Planet: Road Trip» хабарында Жадыра Жұмакүлбай қазақ музыка өнері, ұлттық аспаптар жайлы баян етеді. Қазақ ән өнерінің Арқа, Сыр, Жетісу мектебі барын айтады. Хабарды толығымен мына сілтемеден тыңдап, жүктеп алуға болады.

Сонымен бірге, аталмыш радиохабар туралы Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі де Facebook парақшасында бөлісіп, қазақ музыкасын тыңдауға шақырды.

Айта кетсек, BBC Radio 3 - тыңдарман қауымға классикалық музыка мен опера туындыларын, джаз бен әлемдік музыкаларды сусындататын әлемдік радиостанция. Радиостанция өзін әлемге «жаңа музыканың ең салмақты комиссары» ретінде таныстырады. BBC Radio 3 барлық ұлттардың музыкасын әлемге паш етуді көздейді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай