Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ыстанбұлда жойқын жер сілкінісі болды

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 08:51

ЫСТАНБҰЛ. Анадолы - ҚазАқпарат – 26 қыркүйекте Ыстанбұлда жергілікті уақытпен 13:59-да жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаланың магнитудасы 5,8. Жер дүмпуі Ыстанбұлда және оған жақын аудандарда сезілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстанбұл провинциясы губернаторы әкімшілігінің мәліметінше, қаладағы төтенше жағдайлар және құтқару қызметтеріне қираған ғимараттарға қатысты хабарлар келіп түспеген.

Қазір аталған мекемелер мен қызметтер жер сілкінісі келтірген шығын көлемін есептеп жатыр.

«Төтенше жағдайларда іс-қимылды үйлестіре жөніндегі орталық (AKOM) жағдайды бақылап отыр, жер сілкінісі кезінде қаза тапқан немесе мүлкіне зақым келуге қатысты мәлімет келіп түскен жоқ», деп мәлім етті қала мэрі Экрем Имамоглу.

Перевод Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Түркия, Жер мәселесі,
Жоғары қарай