Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық екі күннен бері табылмай жатыр

2019 жылдың 16 шілде 2019 17:14 256

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі Ыстықкөлде скутемен жүріп, жоғалып кеткен қазақстандықты екінші күн қатарынан іздестіруде, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметінде мәлім еткендей, 14 шілде күні Қараой ауылының Қаракөл пансионатында 1966 жылы туған М.А. есімді Қазақстан азаматы скутер тебуге Ыстықкөл көліне аттанып, жоғалып кеткен.

Бүгін, 16 шілдеде, іздестіру жұмыстарына ТЖМ-ның 81 құтқарушысы жұмылдырылды. Бұдан бөлек, Қырғыз Республикасы ТЖМ Басқармасы тарапынан Ыстықкөл облысы бойынша жеке қайықтардың иелеріне іздестіру бағыттары берілді. Барлығы 12 қайық тартылған.


Басты сөздер: Оқиға, Қырғызстан,
Жоғары қарай