Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

ЮНИСЕФ инсталляциясы: Құлпытастың орнына 3,7 мың оқушы сөмкесі қойылды

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 16:47

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат –Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі кеңсесінің маңына 2018 жылы әскери қақтығыстар салдарынан болған балалар өлімінің үлкен ауқымын көрсететін инсталляция жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат UNICEF баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЮНИСЕФ ұсынған инсталляцияда оқушыларға арналған 3 758 арқа қоржыны құлпытас түрінде ұсынылған. Құлпытас түріндегі балалар сөмкелері әскери әрекеттер салдарынан бүлдіршіндердің қыршыннан қиылғанын көрсетеді.

«ЮНИСЕФ сөмкелері барлық уақытта үміт пен балалық шақтың символы болған. Екі аптадан кейін әлем көшбасшылары Балалар құқығы туралы Конвенцияның 30 жылдығын атап өту үшін БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті сессиясына жиналады. Бұл инсталляция оларға басты дүниені еске салуы керек», - деді аталмыш ұйымның атқарушы директоры Генриетта Форе.

Бас хатшының 2019 жылғы балалар мен қарулы қақтығыстар туралы жыл сайынғы баяндамасына сәйкес, өткен жылы әскери қақтығыстар болған аймақтарда 12 мыңнан астам көз жұмды немесе жарақат алды. Бұл, Біріккен Ұлттар Ұйымы осы ауыр жағдайды бақылап, хабар бере бастағаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл тек анықталған жағдайлар ғана, шын мәнінде аталған көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай