Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Юрий Гагариннің 85 жылдығына орай естелік акция өтті

2019 жылдың 9 наурыз 2019 22:58 1020

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Юрий Гагаринге 85 жыл толатын еді. Осы күні қалың көпшілік әлемнің көптеген қалаларына орнатылған тұңғыш ғарышкердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқоңыр қаласының тұрғындары мен қонақтары Гагариннің ескерткіші қойылған скверге жиналып, ғарышкерді еске алды.

Юрий Гагарин жерленген жерге гүл қою слтанатты рәсімі Мәскеу қаласында да өтті. Аталмыш шараға билік өкілдері, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының, зымыранды ғарыш саласындағы кәсіпорындардың қызметкерлері мен ардагерлері қатысты, деп хабарлады Рокосмос ұйымының баспасөз қызметі.



Ал әлеуметтік желіде «Гагаринмен бірге ғарышқа» (В космос с Гагариным) атты еске алу акциясы жарияланды. Онда желі қолданушылары Гагариннің ескерткіші мен  оның атындағы көшелердің, сондай-ақ өзге де   материалдардың суреттерін жариялап жатыр.  



Ал жарты ғасырдан бері ғарышкерлерді дайындап келе жатқан Гагарин атындағы орталық тұңғыш ғарышкердің 85 жылдығына орай Гагарин туралы естеліктер мен сирек суреттерді жариялап жатыр. 




 

Перевод: Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Қоғам, Әлем, Ғарыш,
Жоғары қарай