Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Зарина Дияс АҚШ-тағы беделді турнирдің бірінші айналымында жеңіліске ұшырады

2019 жылдың 8 наурыз 2019 13:33 1056

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан беделді Premier BNP Paribas Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Турнирдің алғашқы матчында 25 жастағы спортшы қатарласы, АҚШ өкілі Джессика Пегуламен кездесті. 54 минутқа созылған кездесуде америкалық теннисші 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Зарина мен Джессика WTA рейтингінде 94-ші және 93-ші орындарды иелеп тұрғанына қарамастан, бұған дейін олардың жолы түйіспеген.

Енді Пегула украиналық Леся Цуренкомен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирін жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай