Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

2019 жылдың 12 мамыр 2019 11:25 887

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Жапониядағы Фукуока ITF турнирінің финалында ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 98-орында болса, қарсыласы 119-сатыда еді.

Бірінші партия барысында Уотсон брейк жасап, алға шыққанымен, Зарина таразы басын теңестіре алды. Әйтсе де тай-брейкте ұлыбританиялық теннисші басымдық көрсетті - 7:1.

Екінші сет те тай-брейкке дейін жетіп, Уотсонның жолы болды - 7:4.

Финалдық матч 1 сағат 50 минутқа созылды.

Бұдан бұрын Жапониядағы Гифу турнирінде жеңіске жеткен З.Дияс сол табысын қайталай алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы жарыстың, Дмитрий Попконың Шымкент турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Ал Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцеваның Рим турниріндегі қарсыластары анықталды.

 

 

 

 

 

 

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай