Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

2019 жылдың 13 маусым 2019 10:43 1123

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинаның Президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Украина халқының және өз атымнан сізді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын», - деді Украина Президенті.
Владимир Зеленский сайлаушылардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артуы, оның ел арасындағы беделі зор екенін көрсеткенін айтқан.
«Екі жақтап күш салу арқылы қос ел арасындағы сындарлы ынтымақты, егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтай отырып өзара тереңдете алатынымызға сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізді Киев пен Нұр-Сұлтан арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Украинаға іссапармен келуге шақырамын. Құрметті Президент, Сізге осынау жауапты қызметіңізде мықты денсаулық пен жаңа табыс, ал Қазақстанның дос пейілді халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін», - делінген құттықтауда.


null 

Жоғары қарай