Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Зейнетақы жинағын пәтер алуға беру жақсы бастама –саясаттанушы

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 17:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтарға зейнетақы қорларында жинақталған қаражаттарына пәтер сатып алуға мүмкіндік беру жақсы бастама. Мұндай пікірді саясаттанушы Ерлан Саиров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде әлеуметтік мәселелер өте көп. Оны жасырудың да жөні жоқ. Қазақ: «Ауруын жасырған өледі» дейді. Сол көптеген күрмеуі көп әлеуметтік мәселелерді шешудің белгілі бір рецептілері Жолдауда айтылды. Негізі ол рецептілер жеткілікті. Мысалы, зейнетақы жинақтарын айтсақ болады. Оның белгілі бір бөлігін пәтер алуға немесе балаларын оқытуға жұмсау мәселесі. Бұл өте жақсы бастама», - деді Ерлан Саиров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына орай пікір білдіре келе.

Дегенмен, ол зейнетақы жинақтарын пәтер сатып алуға немесе балаларын оқытуға алу мәселесін әлі де болса қоғаммен бірге талқылау қажеттігін баса айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсауын реттеуді тапсырған еді.

«Үкіметке жыл соңына дейін жұмыстағы азаматтардың зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мысалы, баспана сатып алу үшін немесе білім алу үшін. Шығындарды азайтып, активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсарту үшін Үкіметке бюджеттік жүйені шоғырландыру мәселесін зерделеу, әлеуметтік қамтамасыз етуде бірыңғай әлеуметтік қор мен бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу жүктеледі», - деген еді Қазақстан Президенті.


Жоғары қарай