Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Жағажай волейболынан АЧ: Қазақстандық командалар алғашқы ондыққа енді

2019 жылдың 12 мамыр 2019 23:43 1112

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Мао-Мин қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақстандық волейболшылар құрлық додасында жүлдесіз қалды, деп жазады Olympic.kz.

Әйелдер арасында бақ сынаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы Қытай және Тайланд спортшыларын ұтқан болатын.

Алайда, ширек финалда біздің спортшылар австралиялық қарсыластарына 1-2 (20:22;21:19;9:15;) есебімен жол берді.

Ал Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы Азия чемпионатында 9-шы орынға табан тіреген.

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай