Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

#Жақсылық жаса: Түркістандағы көпбалалы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді

2019 жылдың 29 наурыз 2019 18:45 1164

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында көпбалалы медицина қызметкерлеріне қайырымдылық жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымды жандар жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы мүшелері алты аудандағы ауруханаларға барып, тұрмысы төмен қызметкерлерге ең қажетті деген азық-түліктерді таратты.

Шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Densaulyq» жұмыскердің жергілікті кәсіподағымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қайырымдылық шара алдында медициналық мекемелерде жұмыс істейтін көпбалалы аналар мен мұқтаж отбасылардың тізімі  жасалған.



null   Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы  аясында тұрмыс жағдайы төмен аналарға көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, кәсіподақ қызметкерлері бұл күні Жетісай ауданына қарасты Үтіртөбе ауылында тұратын мейірбике  Гүлайым Нұржанованың да үйіне арнайы барды. Зейнет жасына жақындаған медицина қызметкерінің екі ай бұрын  жүкті келіні қайтыс болып, 4 немересін қарамағына алған. Мейірбикенің тұрмыс жағдайының қиындығын түсінген кәсіподақ мүшелері жанұяға қолдан келгенше азық-түлік әкеліп берді.

null

Ал, Датқа  ауылының тұрғыны Жадыра Қошқарованың үйі ағымдағы жылдың 11-ші наурызда  өртеніп кеткен болатын. Бұл  отбасының жағдайына бей-жай қарамаған кәсіподақ басшылығы қолдан келгенше көмек көрсетті.  Сол сияқты Келес ауданында тұратын Толғанай Әбілқасымова да қайырымдылық шарасынан шет қалмады. Күміс алқа иесі төрт ай бұрын инсульт алып, денсаулығы сыр берген. Оның үстіне алты баласы бар болса, оның төртеуі кәмелет жасына толмаған. Осыны ескерген кәсіподақ мүшелері күміс алқа алған анаға 20 мың теңгенің азық-түлігін жеткізіп берді.

null

«Мұндай қайырымдылық шарасын енді біз облыстың өгзе де аудан-қалаларында өткізуді жоспарлап отырмыз. Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы тарапынан өңірдегі медицина қызметкерлеріне азық-түлік таратып, материалдық тұрғыдан да көмек көрсететін боламыз. Алдағы уақытта медициналық ұйымдарда еңбек ететін көпбалалы аналардың тізімін жасақтап,  оларға жан-жақты қолдау жасалады»,- дейді Түркістан облыстық «Densaulyq» жұмыскердің жергілікті кәсіподағының төрағасы Асхат Ақылбеков.  

 

Жоғары қарай