Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Жалғыздық бизнес көзіне айналды - Vox

2019 жылдың 9 мамыр 2019 21:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бүгінгі таңда жалғызсырап жүрген адамдар үшін достар табуға болатын қосымшалар жасалып, түрлі жатақханалар ашылуда. Тіпті, арнайы коворкинг орталықтары да салынуда. Жастар арасында жалғыздық кең тарап барады. Жастар отбасын құруды кейінге қалдырып, жұмыс соңына түсті. Көбі дәстүрлі кеңседен тысқары жалғыздықта жұмыс істегенді де құп көре бастады», - деп жазады Vox басылымы.

Автордың айтуынша, соңғы онжылдықта әлеуметтік изоляцияға қарсы әрекеттер бизнеске айнала бастаған.

«Фрилансерлерге бірге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін алаңдар, жатақханалар мен адамдарды байланыстыруға арналған қосымшалар ірі бизнеске бастау болып, қуатты маркетингтік мүмкіндікке айналды. Бұл салаға салынатын инвестиция мен инфрақұрылым артты, қызмет түрлері көбейді», - дей келе автор, «бұлардың пайдасы бар ма?» деген сұраққа жауап іздейді.

Оның пікірінше, біреулер қаржыландыратын мұндай бизнес әлеуметтік проблемаларды одан сайын көбейтуі мүмкін.

«Мұндай бизнес өкілдері адамдарға қоғамда өз орнын тауып, бір-бірімен байланыс орнатуға көмектесетінін айтады. Чикаго университетінде жиырма жыл бойы жалғыздықты зерттеген нейробиолог Джон Качиоппоның айтуынша, жалғызсыраған адамның миы әлеуметтік қауіпке дайын болады. Сол себепті көп жағдайда мұндай шаралар кері әсер етіп, ағзаны зақымдауы мүмкін», делінген ақпаратта.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай шаралар керісінше, адамның жағдайын ушықтырып жібереді.

«Бөтен адамдармен танысып, орта қалыптастыру жағдайды қиындата түседі. Бұл компаниялар қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Дегенмен, бұл проблеманы басқа қырынан шешу керек. Маркетинг профессоры И.Вангтің сөзіне сенсек, жалғыз жұмыс істеп үйренген ми «әлеуметтік бақылаудан» қашады. Яғни, жалғызсырап жүрген адамдарға осындай ұйымдар мен орталықтар ашып көмектесу қиын. Бұл тек бизнес көзіне айналған», - деп жазады басылым.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай