Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Жамбыл Ахметбеков «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болды

2019 жылдың 24 мамыр 2019 15:51 586

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жұмысшыларымен кездесті. Бұл туралы Қазақстанның коммунистік халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл Ахметбеков жиын қатысушыларына сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Әсіресе, ділімізге жат батыс мәдениеті мен өмір стандарттарының кері әсеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, отандық тауарға, әсіресе АӨК өнімдеріне тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдайтынын, оның жүзеге асырылуы үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол заманауи Қазақстанның басты құндылығы саналатын бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау керектігін айтты. Эгоцентрлі индивидуализм көпұлтты Қазақстан халқының бірегей мәдениетіне, ділімізге, моральдық межемізге жат екенін сөз етті.

Кәсіпорын жұмысшылары ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасының тезистері бойынша сұрақ қойып, тұшымды жауап алды. Сондай-ақ, аймақта газ бен электр қуатының жоғары тарифтері, жұмыссыздық, денсаулық мекемелерінің тапшылығы сияқты мәселелер көтерілді. Үміткер барлық сұрақтарға толыққанды жауап беруге тырысты.  

Жиын соңында Жамбыл Ахметбеков сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай