Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Жамбыл облыстық Қазпошта филиалының басшысы пара алып ұсталды

2019 жылдың 9 шілде 2019 15:14 962

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы басшысының пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, оған бөлім басшысы арқылы жеке тұлғаны жұмысқа орналастыруға көмек бергені үшін 250 мың сомасында пара алды деген  күдік келтіріліп отыр.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктілерге қатысты соңғы үкімді сот шығарады»,-делінген хабарламада.

 

 

 

Жоғары қарай