Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Жамбыл облысында «Адал жүрек» қайырымдылық шаралары өтті

2019 жылдың 1 қазан 2019 23:09

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда салауатты өмір салтын сақтау, адалдық пен парасаттылықты насихаттау мақсатында «Адал жүрек» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция шеңберінде марафон және қан тапсыру шарасы өтті.

Марафонға жамбылдық мемлекеттік қызметшілер мен құқыққорғау органдарының мамандары қатысты. 600-ге жуық азамат «Достық» алаңынан «Тұңғыш Президент» саябағына дейін 2400 шақырымға жүгіріп өтті. Қатысушылардың ерікті түрде төлеген жарналарына жағдайы төмен отбасыларға қаржылай демеушілік көрсетілді.










Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков салуатты өмір салтын сақтап, қайырымдылық жасау үшін ұран сөзден гөрі, осындай нақты істер керектігін айрықша айтып өтті.

Ұйымдастырушылар акция алдағы уақытта облыс тұрғындары арасында дәстүрлі игі іске айналатынын жеткізді. Белсенді қатысып, жүзден жүйрік атанғандар арнайы дипломмен марапатталды.




Сондай-ақ, «Адал жүрек» республикалық акциясы аясында 200-ге жуық азамат «Өмір сыйла» бастамасымен донор атанып, қаладағы «Қан орталығының» қызметкерлерінің қолдауымен қан тапсырды.

Жоғары қарай