Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Жамбыл облысында биыл сүт безі қатерлі ісігінен 49 адам қайтыс болған

2019 жылдың 27 қазан 2019 04:08

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Абай Нұржановтың айтуынша, өңірде 7 201 науқас онкологиялық аурулармен есепте тұр. Оның 1 110-ының дерті жаңадан анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл дерт бойынша есепте тұрған науқастардың I-II сатыдағылары 59,8 пайызды құраған.

«Онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі 10,9 пайызбен екінші орында тұр. Ал бірінші орында өкпе – 11,6, одан кейінгі кезектерде асқазан – 8,8, тоқ, тік ішек қатерлі ісігі 8,1 пайызды құрады. Жамбыл облысында сүт безі қатерлі ісігімен 1459 әйел есепте тұрса, оның 121-і ішінде жаңадан анықталған. Осы дерттен биыл жыл басынан бері қырық тоғыз адам қайтыс болған. Былтыр бұл көрсеткіш қырық үш адамды құраған», - дейді Абай Нұржанов.

Сондай-ақ, оның айтуынша сүт безі қатерлі ісігі әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да өзекті мәселе болып отыр. Бүгінде бұл дертті ерте анықтау мақсатында әйелдерді скрининг тексеруден өткізу мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуы әйелдер денсаулығын корғауда үлкен әсер етуде екен.

Статистикалық деректерге жүгінсек, әлемде жыл сайын 1 250 000 сүтбезі қатерлі ісігі тіркеледі екен. Қазақстандағы көрсеткіш 4600-5000 аралығында екенін айтады мамандар.

Жоғары қарай