Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Жамбыл облысында Қазақстан-Ресей бірлескен оқу-жаттығуына дайындық өтті

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 09:27

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оқу-жаттығуының бірінші аптасы дайындыққа арналып, қатысушылар заңсыз қарулы құрылымдарды жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды орындауды бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қазақстандық таулы-егерлік бөлімшесі мен Ресей Қарулы Күштерінің 55-ші тау мотоатқыштар бригадасының роталық-тактикалық тобының бірлескен арнайы оқу-жаттығуы өтеді. Бүгінде оған дайындық шаралары белсенді ұйымдастырылуда. Бұл шара еліміздің шығысындағы «Шығыс-2019» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында қолға алынған.







Оқу-жаттығудың дайындық кезеңі Қазақстан-Ресей бірлескен бөлімшелерін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге сигнал берумен басталды. Ол бойынша бөлімшеге бір жерден екінші жерге қозғалу қажет болатын. Осы мақсатта, әскери техника колоннасы «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында шоғырланып, ашық далада түнеп, «Айша бибі» полигонына аттанды. Қойылған міндеттерді сапалы және толыққанды орындау үшін офицерлер мен әскери қызметшілер өздерінің барлық кәсіби мүмкіндіктері мен қабілеттерін, сондай-ақ жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетуге тырысты. Бұл туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор Қайдар Қарақұлов айтып берді.







«Бұл кезендегі шараның басты шарты: бірге бастау және бірге мәреге жету еді. Ешкім дистанциядан Кеткен жоқ, финишке барлығы толық құрамда келді. Ауыр жүктеме, дала жағдайындағы түнгі жорық жауынгерлердің физикалық жағдайын ғана емес, олардың жауынгерлік рухын да нығайтты. Оқу-жаттығуға қатысушылар бірлескен оқу-жаттығудың жалпы нәтижелерін қорытындылайтын кезеңде жақсы нәтиже көрсетеді деп сенемін»,-дейді Қайдар Қарақұлов.








Жоғары қарай