Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Жамбыл облысында өнер мектебінің директоры пара алғаны үшін 3 жылға сотталды

2019 жылдың 12 қараша 2019 11:34

ШУ. ҚазАқпарат - Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты өнер мектебінің директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жаспа.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Шу ауданындағы өнер мектебінің директоры А.Иманбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

«Ол бір азаматты жұмысқа орналастырғаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген. 8 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Иманбаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды» делінген хабарламада..

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Жоғары қарай