Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Жамбыл облысында үш жасар қызды зорлаған жігіт 20 жылға сотталды

2019 жылдың 12 қараша 2019 10:25

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында үш жасар қызды зорлаған жігіт 20 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Шу ауданында үш жасар қызды зорлаған күдіктіге қатысты сот үкімі шығып, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жабық режимде қаралған сот барысында қаршадай қызға жәбір көрсеткен қаскөй бұдан былай педагогикалық қызмет ету құқығынан да айырылды.

«ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігімен айыпталған азамат кінәлі деп танылды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысуға шектеу қойылсын», -делінген облыстық соттың «КТК» телеарнасына берген мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, сотталушы бір айдың ішінде 3 миллион теңге моралдық шығын төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетсек, шулы оқиға биыл маусым айында болды. 25 жастағы жігіт бүлдіршінді үйіне кіргізіп, арам ойын іске асырған. Қаршадай қыздың жанұшыра айғайлаған дауысын естіген көршілері қылмыстың үстінен түсіп, педофилді полицейге ұстап берген еді.

Ал 2 қазан күні Шу ауданы Абай ауылында туып-өскен Дастан Әбдікерімовке қатысты іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жеткен болатын.

Жоғары қарай