Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

2020 жылдың 5 сәуір 2020 10:42

5 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 жұқтырған 17 адам анықталды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күшейтілген шарасының арқасында науқас азаматтар дер кезінде анықталып, карантинге жатқызылды. Барлық жұқтырған адам індетті сырттан әкелген және науқастармен байланыста болғандар.

Төрт науқас Үндістаннан келген рейс жолаушылары. Ұшып келген жолаушылар арнайы автобуспен медицина қызметкерлері мен полицияның бақылауымен карантиндік стационарға жеткізіліп, оқшауланды. Лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша 1984, 1996, 1998, 2000 жж. туған төрт жолаушыдан инфекция анықталды.

Қордай ауданында үш жағдай тіркелді. 1975 және 1982 жылдары туған екі тұрғын Нұр-Сұлтан қаласының вирус жұқтырған тұрғынымен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан болатын. Тағы бір індет жұқтырған 1999 жылғы азаматша 23 наурыз күні Қостанай қаласынан «Қостанай-Алматы» пойызымен келген.

Шекара пунктеріндегі күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға кіретін барлық азамат карантиндік стационарға жатқызылады, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушілері де бар. Нәтижесінде 10 науқас анықталды. Олардың 4-еуі Қырғызстан азаматы болса, 6-уы көршілес елден жүк тасыған Қазақстан тұрғыны.

Науқас азаматтардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау және тұрғылықты мекен-жайы мен науқастардың барған жерлерін дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Басты сөздер:
Жоғары қарай