Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Жамбылда 49 жастағы тұрғыннан бір қап марихуана табылды

2019 жылдың 19 қазан 2019 20:48

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылдық полицейлер Т.Рысқұлов ауданының тұрғынынан 12 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«13 қазан кешкі мезгілде «Көкнәр-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болған 49 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан бір қап кептірілген марихуананы тәркіледі» делінген ведомство хабарламасында.

Есірткі дайындаушы Меркі ауданының Тәтті ауылы маңындағы «Тәтті-Сарықоба» құмды аймағына жақын жерде ұсталды. Табылған есірткі затының салмағы - 12 келі 420 грамм.

Күдікті кінәсін мойындап, Меркі аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 296- бабының 4 -бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жоғары қарай