Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жамбылда көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

2019 жылдың 9 наурыз 2019 18:49 976

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz порталына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 8 наурыз мерекесіне орай 60 отбасы баспаналы болды. Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға берілді. Бұл үйлер тоқырау жылдары иесіз бос қалған. Мемлекет оларды кезекпен жөндеп, ел игілігіне жаратып жатыр. 

Бүгін Гүлайым Тілепбергенованың қуанышында шек жоқ. Көпбалалы ана бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келген. Ол 7 жыл бұрын кезекке тұрып, Халықаралық әйелдер мерекесінде арманына қол жеткізді. 

«Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдық. Айына кейде 10 мың, кейде 15 мыңнан төледік. Міне, кезекте тұрғаныма 7-8 жыл болды. Бүгін қуанышты сәтіміз келді. Үш бөлмелі пәтерге қолымыз жетті», - дейді Гүлайым Тілепбергенова. 

90-жылдары шағын қаладағы 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй, мыңдаған пәтер бос қалған еді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл үйлер техникалық сараптамадан өткізіліп, жарамсызы сүріліп тасталды. Ал жарамды деген 16 үй жылда шетінен жөнделіп, ел игілігіне беріліп жатыр. Құрылысшылардың айтуынша, бұл жаңа үйді салғаннан гөрі экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді. Мәселен, жаңа үйді бастан-аяқ салып тұрғызу үшін 700 миллион теңгедей қажет болса, бұл үйлерді қайта жаңғырту мемлекетке 300 миллион теңгеге айналады.

Қазір аймақ бойынша 24 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу бағытында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында былтыр 1673 пәтер пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.

«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, 2019 жылы 28 үй беріледі. Біреуі өтпелі жоба. Соның ішінде алтауы - жалға берілетін үйлер. 21-і - өзіміздің несиеге берілетін үйлер», - дейді обылс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.

Сондай-ақ аймақта аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арнайы 10 жатақхана салынатын болды. Оның алтауының құрылысы биыл басталады. Таразда үшеуі, қалғандары Шу, Қаратау, Жаңатас қалаларында бой көтереді. Мұнда баспанаға мұқтаж 400-ге жуық отбасы кезегі келгенге дейін орналастырылады. 

 

Жоғары қарай