Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Жамбылда Наурыз мерекесінде «Жастар» аллеясы ашылды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 13:30

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Әз-Наурыз мерекесі айрықша аталып өтуде. Бұл күні Жастар жылына орай «Жастар» аллеясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің тапсырмасымен Сүлейменов көшесінің бойындағы «Атшабар» скверіндегі абаттандыру жұмыстары аяқталып, «Жастар аллеясы» болып қайта ашылды.

Аллеяның ұзындығы - 840 метр, жалпы аумағы - 6 гектар көлемінде. Сонымен қатар, аллеяға үлкен LED-экран қойылған. Ол экран арқылы ашық аспан астындағы сахнада әртүрлі іс-шаралар өткізілмек.

Аталған саябақта «Ұлы дала ұландары» стелласы, «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы, «Кітап» ескерткіші және «Сахна» алаңшасы ашылды. Бұл жобалар облыстық қала құрылыс кеңесінде мұқият қарастырылып, нысан құрылысына жергілікті мердігерлер өз үлестерін қосты.



null

Ондағы «Jastar» қабілет орталығында жастар үшін ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Мұнда жақын маңдағы бірқатар орта арнаулы және жоғары оқу орындары студенттерінің ғаламтор арқылы өздеріне қажетті ақпараттар іздестіріп тауып, оқу үрдісіне пайдалана алады. Бірегей жобаның құны 47 миллион теңгені құрайды. Оның жалпы аумағы 288 шаршы метр.

«Орталықта 16 адамға арналған «коворкинг» залы мен 40 адамға арналған асхана жұмыс істейді. Коворкинг залында 8 ноутбук қойылған. «Wi-fi» желісімен қамтамасыз етілген. Студенттер кітап сөрелерінен қажетті кітаптарын алып, курстық жұмыстарын, рефераттарын жаза алады. Жастар жылына орай жастарды қолдау мақсатында бой көтерген орталық олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға үлкен әсерін тигізеді деп күтілуде»,- дейді ІT маманы Нұрсұлтан Тұрысбек.

Ал «Білім» алаңында алдағы уақытта әр жылы білім күні салтанат құрып, ақын жазушылардың оқуларын өткізу, түрлі интелектуалды пікірсайыстар ұйымдастыру үрдіске айналмақ. Сондай-ақ, жаңадан ашылған «Кітап», «Ұлы дала ұландары», «Махаббат» стеллалары да аллеяның ажарын кіргізіп, маңызын арттырып тұр.



null

Айта кетейік, аллея аумағындағы тал-дарақтар күзеліп, егіліп, ретке келтіріліп, тұтастай заманауи жарықтандырылумен қамтылған. «Wi-fi» желісімен қамтамасыз етілген заманауи орындықтар қойылды. «Жастар» аллеясының бір бөлігін алып жатқан «Маххаббат» бұрышы да жаңаша кейіпке енді. Онда өзара айқасып жатқан қос неке сақинасы іспетті төрт заманауи субұрқақтар орнатылып, ортасына аққу құсы бейнеленген композиция қойылған.




null

Жоғары қарай