Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Жамбылда перзентxанадан ұрланған нәресте қонақ үйден табылды

2019 жылдың 11 шілде 2019 14:09 3276

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлер перзентxанадан жаңа туған нәрестені ұрлаған 22 жасар күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Тараз қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына әйел адам хабарласып, облыстық перинаталдық орталықтан оның жаңа туған нәрестесін алып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі xабарлады.

«Баланы іздестіру операциясын Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаров басқарды. Қылмыстың ашылуына облыс орталығының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсенді қатысты, олардың күштерімен бейнекамералардағы материалдар зерттелді. Жақын маңдағы барлық тұрғын үй секторы, қонақ үйдің барлық нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде нәресте қонақ үйлердің бірінен табылды»,-делінген ведомство xабарламасында.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұxтарқұлованың айтуынша, ауыр қылмыс екі сағат ішінде ашылып, бала анасына қайтарылған. Баланы алып кетті деген күдікпен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны ұсталыпты.

«Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта күдіктінің өзінің кішкентай сәбиі бар екені ескеріле отырып, бұлтартпау шарасы қарастырылуда»,-дейді Гүлсара Мұxтарқұлова.

 

 

Жоғары қарай