Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Жамбылда тіл жанашырлары марапатталды

2019 жылдың 23 желтоқсан 2019 17:33

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің «Тіл жанашыры» жүлдесінің иегерлері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» жүлдесін табыстау салтанаты өтті. Оған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, жүлдегерлерді құттықтады.




Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік тілге шынайы жанашырлық танытып, тіліміздің дамуына нақты ісімен үлес қосып жүрген жандар қатысты.

Айта кетейік, аталған жүлде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, туған тілге деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында тағайындалған. Ол бойынша лауреаттарды іріктеу конкурстық комиссиясына 20 адам құжат тапсырған. Байқау комиссиясы жұмысының нәтижесінде облыс әкімінің «Тіл жанашыры» жүлдесі 7 номинация бойынша ұсынылды. Жеңімпаздар салтатанатты шара барысында марапатталды.

Атап айтсақ, «Тіл майталманы» номинациясын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, «Тіл тірегі» номинациясын облыс бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, «Тіл жаршысы» номинациясын республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыс бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман, «Тіл сақшысы» номинациясын «JAMBYL» телеарнасының тілшісі Данияр Асқарұлы жеңіп алды.

Ал, Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі Евгений Кравчук «Тіл білгірі», М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі, филология магистрі Балмира Мырзабаева «Тіл - қазына», «Жасыл ел» еңбек жасақтарының төрағасы Әлібек Мұратбаев «Тіл мерейі» номинацияларына лайық деп табылды. Жүлдегерлерге дипломдар мен 300 мың теңгелік ақшалай сыйлықтар табысталды.


Жоғары қарай