Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Жамбылда заңсыз қызмет етіп жүрген Өзбекстан азаматтары елден шығарылмақ

2019 жылдың 20 қараша 2019 04:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында заңсыз еңбек етіп жүрген төрт Өзбекстан азаматтары елден шығарылмақ. Бұл заң бұзушылық «Кашара» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жедел профилактикалық іс-шарасы Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау үшін Жамбыл облысының аумағында ұйымдастырылды. Оған Жамбыл облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің жеке құрамы қатысуда. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданы Тегістік ауылында фазенданы тексеру барысында заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке рота қызметкерлері заңсыз еңбек қызметімен айналысатын Өзбекстан Республикасының төрт азаматын анықтады. Қазіргі таңда шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларды ҚР шегінен шығарып жіберу мәселесі шешілуде»,-делінген ведомство хабарламасында.

Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Заң,
Жоғары қарай