Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Жамбылдық еріктілер 10 мың масканы тегін таратты

2020 жылдың 30 наурыз 2020 07:11

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының волонтерлері COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап, күн сайын барлық қала мен аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожаның айтуынша, өңір волонтерлері өз қолымен тіккен 10 мың дана медициналық бетпердені қала тазалығына жауапты жұмысшылар мен тұрғындарға таратты.

«Жамбылдық еріктілер осы уақытқа дейін 30 мың үнқағаз, бүктемелер мен медициналық маскалар таратып, 15 рейд ұйымдастырды. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және жалғыз ілікті қарияларға «Біз біргеміз« ұранымен бірінші кезектегі қажетті 700 дана азық-түліктер мен гигиеналық заттар салынған қораптар үлестірді», - деді басқарма басшысы.





Сондай-ақ, ол облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Қоғамдық сақшы» жобасын жыл басынан бері жүзеге асырып келе жатқандарын жеткізді. Оған «Жібек жолы», «Ақ сұңқар», «Темірқазық» волонтерлік қозғалыстары мен өңірдегі «Jas Otan» Жастар қанаты, «Қазақстан студенттер Альянсы» және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар ұйымының еріктілері тартылған.

Аталған жоба аясында волонтерлер мереке күндері қадағалау шараларына атсалысуда. Нақтырақ айтсақ, саябақтарда, көшелерде, мөлтек аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, кафелер мен асханалардың 22.00-ден кейін жабық болуын полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе қадағалап, арнайы рейдтік жұмыстарға жұмылдырылуда.





Жоғары қарай