Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Жаңаарқада тұтас бір шағынауданның құрылысы жүріп жатыр

2019 жылдың 14 қараша 2019 13:03

АТАСУ. ҚазАқпарат - Жаңаарқа ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атасу кентінде тұтас шағынаудан салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысы туралы Қарағанды облысының әкіміне осы ауданға жұмыс сапары кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл республикалық бюджеттен 461 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа «Жаңа Нұр» шағын ауданында жеті үй салынды. Жыл соңына дейін 8 пәтерлі екі үйді тапсыру жоспарланып отыр. Қалған бесеуі келесі жылы пайдалануға беріледі», - деді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Мұқанов.

«Жаңа нұр» шағынауданында 12 үй салынады. Болашақта мұнда әлеуметтік нысандар да пайда болады.

Бақытжан Мұқановтың айтуынша, 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тағы екі үш қабатты үйдің құрылысы басталады.

«Сондай-ақ 39 жеке үйдің инфрақұрылымын дамыту үшін қаражат бөлінді. Тұрғын үй құрылысы бойынша бес жылдық жоспар дайындалуда», - деді Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары.

Жеңіс Қасымбек мұнда тұратын көпбалалы отбасылардың тұрғын үй кезегінде тұрғанын және олардың тұрғын үй мәселесі қалай шешілгенін сұрады.

«Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 20 көпбалалы отбасына үй берілді. Оларға республикалық бюджеттен екінші тұрғын үй сатып алуға қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда тұрғын үйге кезекте 75 көпбалалы отбасы тұр, оның 4-еуі желтоқсан айында жаңа шағын ауданда өз баспанасын алады», - деді Бақытжан Мұқанов.

Жалпы, Жаңаарқа ауданында тұрғын үй кезегінде 880 адам тұр.



















Жоғары қарай