Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жаңақорғанда Елтаңба авторы жерлестерімен жүздесті

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 14:16

ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков туған жері - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Екпінді ауылына арнайы келді. Белгілі азамат өз жерлестеріне бағалы сыйлықтарды тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып келеді. Онда Тұңғыш Президент - Елбасы «туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын.

Белгілі азамат туған ауылының гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне атсалысып келеді. Бүгінгі күнге дейін ауыл орталығынан мешіт үйін салуға көңіл бөлді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына өзге де сый-сияпатын жасап келеді.

Жерлестерімен жүздесу барысында Жандарбек Мәлібеков жаңа үлгіде жасалған Елтаңбаны ауыл әкіміне табыстады. Сондай-ақ, қажетті кітаптарды ауылдағы мешіт, мектеп, кітапхана ұжымына тарту етті.

«Әркімге туған жері ыстық. Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген жеріне кіндігімен байланады. «Туған жер» деген қасиетті ұғымды төбемізге қойып, қастерлейтініміз де сондықтан», деді Жандарбек Мәлібеков жерлестерімен жүздесу барысында.


Жоғары қарай