Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Жаңаөзенде 37 жастағы ер адамды атып кетті

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 15:41

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында қарудан жараланған ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккен ер адам қаладан 150 шақырым қашықтықта табылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаралы адам табылғаны туралы хабар 9 желтоқсан күні сағат 10.49 шамасында түскен.

«Шақырту бергендер оны жол-көлік апатынан жараланды деп ойлаған. Олар осылай деп хабарлады. Дереу облыстық жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер барған соң жол апаты емес екенін жеткізді. Зардап шеккен ер адамның оқтан жараланып, жатып қалғаны белгілі болды»,-деп хабарлады басқармадан.

1982 жылы туған азаматқа дәрігерлер «суық қарудан жауырын тұсының жаралануы» диагнозын қойды. Ол қазір Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында емделуде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жоғары қарай