Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Жаңаөзендегі тұрмысы нашар отбасылар Ақтауға көшіріледі

2019 жылдың 15 қазан 2019 22:58

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен тұрғындарға Ақтаудан пәтер сатып алу жоспарланған,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшшісі.

Бұл мақсатта республикалық бюджеттен және «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан 1 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Шаһар басшысы Мақсат Ибағаровтың айтуынша, негізгі себеп - шамадан тыс қоныстану мәселесін шешу. Себебі, үй салуға арналған жер қалмаған. Сондықтан Кендірлі аймағында елді мекен құру жоспарланып отыр.

Жаңаөзен - Республика бойынша орташа моноқала қатарында. Демографиялық көрсеткіші жоғары. Жылына 3700-ге жуық бала дүниеге келеді. Биыл құрылыс жұмыстары төмендеп отыр.

Әкімнің айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жерді бөліп беру мүмкіндігі қалмаған. Сондықтан жаңа бастама қолға алынуда.

«Жаңаөзен қаласының шамадан тыс қоныстану проблемасын шешуге, яғни мұқтаж азаматтар үшін пәтер сатып алуға «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан және республикалық бюджеттен» қаражат бөлінеді. Жалға берілетін пәтерлер Жаңаөзен қаласының жұмысыздар тізімінде тіркеуде тұрғандарға және ҚР аймағында соңғы 5 жыл ішінде атында пәтерлері болмаған азаматтарға беріледі. Ақтау қаласынан жалдамалы пәтер алуға ниет білдірген азаматтардың алдын ала тізімі жасақталып, 235 адам әкімдікке жолданды» ,- дейді Мақсат Ибағаров .

Биыл 394 пәтер сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 70-і алынған. Оған тұрғындарды бөлу жұмысы басталды. Қоныс аударғандарға түгел жағдай жасалмақ: балабақша, мектеппен қамтылып, жұмысқа орналастырылады.

«Ақтау қаласының әкімдігі, Жаңаөзен қаласының әкімдігінен келген тізімді тұрғын-үй комиссиясы қарап, пәтерлерді береді. Кеше 1-ші отырыс болды. Облыс әкімдігі, «ӨМГ» АҚ, «Жарылқау» қоры арасында 3 жақты меморандум жасақталды»,-дейді әкім.

Жоғары қарай