Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жаңбырлы Ұлыбританияның су қоры азайған - ВВС

2019 жылдың 13 наурыз 2019 20:44

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңбырлы ауа райына қарамастан, Ұлыбританияда су қоры азайған. Бұл көрші мемлекеттерге де кері әсерін тигізіп жатыр. ВВС басылымының жазуынша, су қоры тапшы мемлекеттер туралы айтқан кезде ешкім бұл тізімде Ұлыбритания болады деп ойламаса керек.

«Ұлыбританияда қыс қарлы және ылғалды. Басқа мезгілдерде де жаңбыр апталап жауады. Ұлыбританияда жауын шашынның орташа мөлшері 1 200 мм тең. Соған қарамастан мемлекетте су қоры азайып жатыр», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, былтыр Англияда алты ай бойы жауын шашын әдеттегіден төмен болған. Ал 2017 жылы Ұлыбританияда соңғы жүз жылдағы ең құрғақ жаз болды.

«Англия өзендерінің тек 17% экологиялық «денсаулығы» жақсы. Ал жерасты сулар мен су қоймаларында су мөлшері азайып кеткен», деп жазады автор.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай