Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жапонияда кеме китке соғылып, 80-нен астам жолаушы жарақат алды

2019 жылдың 9 наурыз 2019 18:00 836

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон теңізінде жүзіп бара жатқан паромдағы 80-нен астам адам жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, жоалушылар кемесі китпен соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodonews агенттігіне сілтеме жасап.  

Жапония жағалау күзеті мен жергілікті биліктің хабарлауынша, сенбі күні Жапон теңізіндегі Садо аралының маңында паромның су астындағы қалақтары теңіз жануарымен соқтығысқан, сөйтіп 80-нен астам адам жарақат алды. Кеменің артқы бөлігінде 15-сантиметрлік жарықшақ пайда болып, су асты қалақтарына зақым келген. 

Кеме операторының сөзінше, төрт адам ауыр жарақат алды. 12:15-те болған апатқа қарамастан кеме діттеген жеріне, яғни Садо аралына жетіп жығылған.   

Кемеде 121 жолаушы мен экипаждың 4 мүшесі болған. Ол Ниигата айлағынан сағат 11:30-да шыққан болатын.  

 

 

Перевод: Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай