Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Жәрдемақыдан бизнеске дейін: Қостанайлық АӘК арқылы өз ісін ашты

2019 жылдың 25 қыркүйек 2019 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын Қостанай облысындағы көпбалалы ана отбасының материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жеке ісін де ұйымдастырды. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Жанар Куженова АӘК тағайындаудан түскен қаражатқа аудан орталығының шетінде шағын сұлулық студиясын жалға алды. Жанардың ойынша, жеке кәсіппен айналысу мемлекеттен үнемі әлеуметтік көмек алғаннан гөрі жақсы.

«Менің төрт балам бар. Кенже қызым 2,5 жаста. Менің күйеуім құрылысшы болып жұмыс істеді. Оның жалақысы бізге жетпеді, әсіресе қыста жұмыс болмады. Сондықтан мен АӘК тағайындау үшін құжаттар жинай бастадым. Кейін мен «Бастау Бизнес» жобасы туралы білдім және қысқа мерзімді курстарда кәсіпкерлік негіздерін оқыдым. 26 маусымда менде пермаментті макияж қызметін ұсыну үшін жеке бизнесімді ашу үшін грант алу мүмкіндігі пайда болды. «Sen - Sulu» сұлулық студиясын аштым. Мен ауылдастарымның жылы пікірлеріне өте қуаныштымын, менің студиям туралы ауызша жарнаманы көрші Камышинское, Аятское ауылдарының әйелдері естіп, келе бастады. Күн сайын 7-8 клиентке қызмет көрсетемін. Әр әйел, кез-келген жаста, сұлу болғысы келеді», - деді жетістігімен бөліскен Жанар.

Қостанай облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Лидия Цымбал 2019 жылдың бірінші тоқсанында Жанар Куженова 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болғанын айтады. Жұбайы жеке тұлғаларда бейресми жұмыс істеді.

«Отбасының табысы кедейлік шегінен төмен болды (бір адамға жан басына шаққандағы орташа табысы 8772 теңге), сондықтан 2019 жылдың сәуірінен бастап отбасына ай сайын 110 мың 157 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жалпы сомасы - 1 млн 321 мың 884 теңге. Ағымдағы жылдың сәуір айында отағасын «Строй мастер» ЖК-ге әртүрлі жұмыстарды орындайтын жұмысшы қызметіне тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндігі туды» - деп еске алады Лидия Цымбал.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні АӘК 2 млн 87 мың 400 қазақстандыққа (405 мың 600 отбасы), оның ішінде 1 млн 302 мың 500 балаға (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4 пайызына тең) тағайындалды. Алушылар құрамындағы көпбалалы отбасылар шамамен 40 пайызды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлеріне келеді. Онда барлық алушылардың 67 пайыздан астамы шоғырланған. Оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында-31 мың 700 отбасы.

2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд 500 млн теңге қарастырылған, оның ішінде 186 млрд 100 млн теңге республикалық бюджеттен және 18 млрд 400 млн теңге жергілікті бюджеттен. 144 млрд 300 млн теңге төленді.

Жоғары қарай