Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

«Жаркенттіктер» қылмыстық тобының жетекшілері ұсталып, сотталды - ҰҚК

2019 жылдың 12 қараша 2019 14:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы мамандандырылған өңіраралық соты ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген «Жаркенттіктер» ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілеріне қатысты үкім шығарды. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Атап айтқанда, Ж. Бегімбетов ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі , 194-бабы 4-бөлімі 1-тармағы , 262-бабы 1-бөлімінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

М. Ниязов жоғарыда көрсетілген баптардан басқа, қосымша ҚР ҚК 367-бабы 4-бабы, 392-бабы 1-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге сотталды.

Еске сала кетейік, 2015-2016 жылдары ҰҚК органдары контрабандамен, сыртқы экономика қызметіне қатысушылардан қорқытып ақша алған, алаяқтықпен айналысқан Қазақстан мен Қытай азаматтарынан тұратын «Жаркенттіктер» трансшекаралық қылмыстық тобының жолын кескен болатын.

2016 жылы топтың 27 мүшесі, оның ішінде оларға қамқорлық жасаған кеден қызметінің лауазымды адамдары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда олардың жетекшілері Ж. Бегімбетов пен М. Ниязов қылмыстық қудалаудан жасырынып, оларға халықаралық іздеу жарияланған.

2018 жылдың қыркүйегінде М. Ниязов «Интерпол» желісі бойынша Қырғызстанда ұсталып, Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Ал Ж. Бегімбетов 2018 жылдың қарашасында Алматы облысында ұсталды.

Жоғары қарай