Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Жәрмеңке: СҚО елордаға 100-ден астам тауар түрін жеткізді

2019 жылдың 19 қазан 2019 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордадағы жәрмеңкеге СҚО-дан 700 тоннадан астам өнім жеткізілді. Экологиялық таза өнім болғандықтан астаналықтар кезекке тұрып алып жатыр. Және біздің жәрмеңкеде нарықтан төмен бағамен сатылуда, яғни нарықтан 20-25 пайызға дейін төмен. Жалпы биылғы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан өңірімізде дәнді дақылдарды жинау барысы сәтті жүзеге асырылды. Астаналықтардың арасында біздің сүт және сүт өнімдері жоғары сұранысқа ие, апта сайын 10 тоннадан астам аталған өнімді Нұр-Сұлтан қаласына жібереміз. Одан бөлек елордалықтардың арасында біздің ет, сүт, жұмыртқа және көкөністерге сұраныс жоғары», - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жәрмеңкеде.




Әкімнің айтуынша, жәрмеңкеге 100-ден астам солтүстік қазақстандық тауар өндіруші кәсіпорындар қатысып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесінде ет және ет өнімдерін, кондитерлік өнімдер, жарма түрлері, қымыз, бал және көкөністер мен жеміс-жидектер тағы да басқа өнімдер сатылымға қойылған.




Жәрмеңкеде КТ «Зенченко и К», ИП «Пальчик», «Масло-Дел» ЖШС, «Максимальный размах» ЖШС, «Фирма Алекри» ЖШС, Мамлютский мукомольный комбинат, «Султан-ММК» ЖШС өз өнімдерін астана халқына ұсынуда.

Екі күнге созылатын ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі елордадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық алаңында өтіп жатыр.

























Жоғары қарай