Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Жарты жылда 850 адам көлік апатынан көз жұмған

2019 жылдың 16 шілде 2019 18:56 230

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың алты айында 7 093 көлік апаты тіркеліп, 850 адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кенісбаевтың айтуынша, жарты жылдың ішінде 9 425 адам көлік апатынан жарақат алған. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінің брифингте мәлімдеді.

«Өткен жартыжылдықтармен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 5 пайызға артқан. Ал қаза тапқандар саны 8 пайызға көп. Жол қозғалысының апаттылық деңгейін тұрақтандыру мақсатында жолдарда бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 2,8 млн адамды ұстады. Оның 103,5 мыңы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17,6 мың жүргізуші көлік айдау құқығынан айырылды, 1 742 адам әкімшілік қамауға алынды», - деді Әлібек Кенісбаев.

Еске салсақ, аталмыш брифингте Республикалық жолдарда жылдамдық тіркейтін автоматты жүйе орнатылатыны айтылған болатын. 

Ал шетелден әкелінген көліктер Қазақстан аумағында онлайн тіркелуі мүмкін.





Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Оқиға, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай