Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Жарылыстар жалғасқандықтан өрт сөндіру жұмыстары тоқтап тұр - министр

2019 жылдың 25 маусым 2019 09:48 825

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталмыш факті бойынша «қоршаған ортаға қауіпті саналатын қаруларды, заттарды ұстау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Жұмыс жалғасуда. Осы уақытқа дейін қоймаларда жарылыс фактілері әлі де болып жатқандықтан, қоймадағы өртті сөндіру жұмысы тоқтап тұр», - деді Ерлан Тұрғымбаев бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасында.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

 

 

 

Жоғары қарай