Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Жастар арасында дзюдодан ел чемпиондары анықталды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 21:09 1050

АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан біріншілігі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, үш күнге созылған жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 500-ге жуық спортшы қатысты.

Чемпионат қорытындысында Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады.

Атырау облысының дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. 2 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлдені иеленген Шығыс Қазақстан облысының жастар құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Жекелей салмақта қыздар арасында Құлым Сара (44 кг, Түркістан облысы), Ғалия Тынбаева (48 кг, Алматы), Нұрсұлу Ерәлиева (52 кг, Алматы облысы), Меруерт Сәрсенова (57 кг, Алматы о.), Саера Мырзахметова (63 кг, Алматы), Ақерке Құлаш (70 кг, Шымкент), Маргарита Гриценко (-78 кг, Қостанай), Ақерке Рамазанова (+78 кг, Алматы) чемпион атанды.

Жігіттерден Ұлықбек Әбілқайыр (55 кг, Атырау), Болат Біләл (60 кг, Жамбыл), Ермек Амангелді (66 кг, Атырау), Айбар Мұқышев (73 кг, ШҚО), Шынтас Серікболсын (81 кг, Атырау),  Қуандық Стамполов (90 кг, ШҚО), Айбек Ізтелеуов (-100 кг, Алматы) және Бибарыс Әбдіғани (+100 кг, Түркістан) жеңіс тұғырына көтерілді.

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Атырау облысы, Аймақ, Спорт,
Жоғары қарай