Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Жастар жылы шеңберінде Ақмола облысында 2 мыңнан астам шара өткізілді

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 23:12

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Жастар жылы шеңберінде Ақмола облысында 2 мыңнан астам шара өткізілді. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен өткен шараға облыс аудандарының және Степногорск, Көкшетау қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Басқарма басшысы өз баяндамасында облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы, ондағы жарияланған материалдардың шығуы, электронды БАҚ-тардағы мақалалардың сапасы мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жайында айтып берді.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуы, тіл, дін, жастар, ақпараттық саясат саласында атқарылатын биылғы жылдың міндеттері белгіленді.

«Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асырудың нақтылы нәтижелерін ақпараттық сүйемелдеу қажет», – деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Басқарма басшысы ішкі саясат саласында 2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, 2020 жылғы жоспарлармен бөлісті. Нақтырақ айтсақ, Жастар жылы облыста барлығы 2 мыңнан астам шара өткізілді.

Ал биылғы жылы Абайдың 175 жылдығы, Әль Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы және Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтіледі.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аймақаралық 17-ші форумы өткізіледі.

Шара соңында әлеуметтік желіде жұмыс істеу бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылып, жыл бойы белсенді жұмыс істеген бірқатар қызметкерлер марапатталды.











Жоғары қарай