Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жастар жылы Жарқайың ауданында үш жоба жүзеге асырылады - Ақмола облысы

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 22:56 1029

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жастар жылы Ақмола облысының Жарқайың ауданында үш жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, ауданда Жастар жылы ауыл жастарының жұмыспен және бос уақытын өткізетін мәдение шаралармен қамтылуына басымдық беріліп отыр. Бұл мәселелерді шешуге жергілікті бизнес қауымдастық өкілдері қолұшын созуда.

«Биыл Львовское ауылында мәдениет үйін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл жұмыстарға аудандық мәслихаттың депутаты Алексей Пугачев қаржы бөліп отыр. Ал, Отрадное ауылында  «СХП «Отрадный» ЖШС директоры  Қасым Қожабеков көпбейінді қазіргі заманғы спорт кешенін салуда. Сондай-ақ, Костычев ауылында ангар типті спорт залының құрылысы жүргізілуде. Бұл игі іске Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Виталий Камышанский қаржылай қолдау білдірген.

Аталмыш нысандардың барлығы Жастар жылы аудан жастар үшін жақсы сыйлық болады», дейді ведомстводан.


null 

 

 

Жоғары қарай