Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан чемпионаты аяқталды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 22:13 1069

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық 4 спортшы Әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1-3 наурыз күндері Атырау қаласында ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек ұлттық спорт  түрінен Қазақстан чемпионаты өтті. Оған 300-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Атырау қаласы қандай дәрежедегі шара болса да, өткізуге толықтай дайын. Бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалы дәл осы жерде өтті. Өңірімізде әлем чемпионаттары, біріншіліктер де өтіп жатыр.  Жергілікті атқарушы органдар қажетті қолдауды көрсетіп, кез келген ауқымды жарыстарды өткізуге әзір», - деді облыс басшысы.


null 

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында атыраулық спортшылар 57 келі салмақта Талғат Жұмағалиев, 80 келі салмақта Исатай Теміров, 90 келі салмақта Дәурен Ермеков және әйелдер арасында 62 келі салмақта Ақбөбек Ерғалиева жарыс жеңімпаздары атанды.  Спортшылар енді Түркия мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Жалпы командалық есепте Атырау қаласының спортшылары екінші орынға ие болды. Үшінші орынды ақтөбеліктер еншілесе, бірінші орын алматылықтарға бұйырды.

Айта кету керек, 2017 жылы жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты және 2018 жылы тұңғыш Әлем чемпионаты Атырауда өткен болатын. 



null 

null 

 

Жоғары қарай