Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жел, тұман, жауын – сейсенбіге арналған ауа райы

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 07:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарында дауыл күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Қарағанда облыстарының кей жерлерінде – тұман болады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай