Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Желтоқсан айында неше күн демалыс

2019 жылдың 5 қараша 2019 10:08

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Желтоқсан айында қазақстандықтарда 19 жұмыс, 12 демалыс күні болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні жексенбіге тура келіп тұр, сол себепті ол мереке 2 желтоқсанға ауыстырылып, екі күн қатарынан демалыс жарияланады. Тәуелсіздік күні қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсан күні демалады.

30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болмақ. Қазақстандықтар жаңа жылды екі күн – 1 және 2 қаңтар күндері атап өтеді.

Еске сала кетсек, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды. Соған сәйкес 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді.

Жоғары қарай